"Трамп патша емес!" АҚШ-та 7 млн адам президент саясатына қарсы шеруге шықты

1098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pgmH7WSvpW8GpFARBS2Bn7XRPSMxweYFMTpFK5Lz.jpg

АҚШ-та президент Дональд Трамптың саясатына қарсы бағытталған кең ауқымды наразылық акциялары өтті. "No Kings" ("Патшаларға жол жоқ") деп аталатын қозғалыс аясында өткен бұл бейбіт шерулерге шамамен 7 миллион адам қатысқан, деп хабарлайды “Адырна”.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, наразылықтар АҚШ тарихындағы ең ірі біркүндік шерулердің бірі болған. Акциялар елдің 2 700-ден астам қаласында өтті және ешқандай тәртіп бұзушылықсыз, бейбіт түрде ұйымдастырылған.

Мәселен, Чикаго қаласында өткен шеру Indivisible Chicago Alliance ұйымының бастамасымен ұйымдастырылып, оған 250 мыңға жуық адам қатысқан. Қатысушылар авторитарлық басқару стиліне қарсылық білдіріп, АҚШ — "патшаларға" емес, халыққа тиесілі ел екенін алға тартты.

No Kings қозғалысы сенбі күні АҚШ-тың барлық штаттарында және Вашингтонда өз үнін жеткізді. Ал алғашқы шерулер 14 маусымда — әскери парад пен Дональд Трамптың 79 жылдық туған күніне орай өткен болатын.

Еске салсақ, шерулер қарсаңында Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында алдағы наразылықтарға қатысты пікір білдіріп, өзін "патша ретінде санамайтынын" айтқан еді.

Пікірлер