Ақтаудағы ұшақ апаты. Әзербайжан Ресейді сотқа бермек

1262
Adyrna.kz Telegram

Әзербайжан AZAL ұшағының апатқа ұшырауына байланысты Ресейге қарсы халықаралық сотқа шағымдану үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Әзербайжан АРА ақпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Агенттіктің хабарламасында айтылғандай, Әзербайжан Ресейге қойған талаптарын және шарттарын нақты анықтап, оларды жоғары деңгейде жариялаған.

«Алдын ала айтылғандай, Әзербайжанның қолында ұшақты атып түсірген Панцир-С зымыран жүйесінің бөлшектері бар. Дәлелдемелік база қалыптасып, фактілер мен айғақтар жинақталуда, халықаралық сотқа шағым жасауға дайындық жүріп жатыр», – деп хабарлайды APA.

Сондай-ақ, жарияланымда «Ресеймен диалогқа ашық есік бар екендігі» атап өтілген.

«Мәскеу өз кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Әйтпеген жағдайда Баку келесі қадамдарға дайын», – деп көрсетілген хабарламада.

Еске салсақ, өткен сейсенбіде Қазақстанның Көлік министрлігі Ақтау маңында 25 желтоқсанда құлаған AZAL ұшағының апатқа ұшырау себептері бойынша алдын ала тергеу нәтижелерін жариялаған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер