Газа келісімі. 200 палестиналықтың орнына ХАМАС төрт израильдік тұтқынды босатты

2545
Adyrna.kz Telegram
© Al Jazeera
© Al Jazeera

2023 жылдың қазан айында Газада тұтқындалған Израильдің төрт әскери қызметшісі ХАМАС ұйымының шешімімен босатылды. Израиль билігі  бұл әйелдерді 200 палестиналық сотталушыға айырбастайтынын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл әрекет Газадағы атысты тоқтату туралы келісімнің аясында жүзеге асырылуда. Сенбі күні таңертең Қызыл Крестке 20 жасар Карина Ариев, Даниэла Гильбоа, Наама Леви және 19 жасар Лири Альбаг есімді израильдік әйелдер тапсырылды. Олар 2023 жылғы 7 қазан күні Газаға жақын маңда тұтқындалған еді.

Израиль түрме қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, босатылған палестиналықтардың көпшілігі Иордан өзенінің Батыс жағалауына жеткізілген. Босатылғандардың ішінде ең жас тұтқын 16 жастағы палестиналық. Ал ең үлкені 69 жастағы Мохаммед ат-Туса. Ат-Туса 39 жылын түрмеде өткізген. Оны 1985 жылы израильдік әскермен болған қақтығыс кезінде қамауға алған болатын.

Босатылғандардың көбі Израильде өмір бойы сотталғандар.

Пікірлер