Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу келісімінің жетінші кезеңі аясында 641 палестиналық тұтқын босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Анадолы агенттігіне сілтеп.
Келісімнің алғашқы кезеңінде Израильге төрт израильдік тұтқынның мәйіті тапсырылғаннан кейін, палестиналықтар да Қызыл Крест арқылы бостандыққа шықты. Оларды әлемге әйгілі палестиналық ақын Махмуд Дарвиш атындағы мұражайда жақындары мен халық қарсы алды.
Жалпы, тұтқын алмасу келісімі аясында қазіргі уақытта 1 776 палестиналық тұтқын азат етілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін ХАМАС 625 палестиналық тұтқынға айырбас ретінде Израильге төрт адамның мәйітін тапсырған болатын.