АҚШ Украинаға қаржылық көмегін уақытша тоқтатты

1206
Adyrna.kz Telegram
Фото: flickr.com
Фото: flickr.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға қаржылық қолдауды және басқа да шетелдік көмекті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио арнайы бұйрыққа қол қойып, бұл шектеуді 90 күнге енгізді. Бұйрыққа сәйкес, Мысыр мен Израильге азық-түлік жеткізу және әскери көмек көрсету жалғасқанымен, Украина, Иордания және Тайвань сияқты негізгі одақтастарға қаржыландыру тоқтатылады.

"Барлық жауапты шенеуніктер осы 90 күн ішінде шетелдік көмек көрсету бойынша жаңа міндеттемелерді қабылдамайтынына көз жеткізуі керек," – делінген құжатта.

Халықаралық ұйымдар бұл шешімнің салдарына алаңдаушылық білдірді. Босқындар жөніндегі халықаралық ұйымның президенті Джереми Конындайк бұл бұйрықты "ақылға сыймайды" деп атап, оның адамдар өміріне қауіпті болатынын айтты:

"Бұл адамдардың өліміне әкелуі мүмкін. Егер бұл бұйрық жүзеге асырылса, көптеген адам зардап шегеді," – деді ол.

Алайда Конгресске жақын дереккөздер президент Дональд Трамптың бұл шешімін заңсыз деп есептейді.

Айта кетейік, бұйрықта мектептерді қолдау, медициналық көмек, аналар мен балаларға жедел көмек беру және вакцинация бағдарламалары қамтылған. Бірақ Мемлекеттік департаменттің бұл шешімі Украинаға әскери көмек көрсетуге әсер етпеуі тиіс.

Пікірлер