Техас штатында атыс орын алды: зардап шеккендер бар

2603
Adyrna.kz Telegram

Американың Техас штатындағы Остин қаласында белгісіз біреудің оқ атуы салдарынан бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Остин полиция департаментінің қызметкерлері атысқа байланысты орталықта жұмыс істеді. Бірнеше адам жарақат алып, зардап шекті.

Төтенше жағдайлар қызметі 12 адамның жараланғанын нақтылады.

Полиция көпшіліктен 6-шы көшеге жақындамауды сұрады.

Қылмыскердің ұсталған-ұсталмағандығы белгісіз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер