АҚШ сенаты Трамптың Иранға қарсы әскери операциялар жүргізу өкілетін шектеуге бағытталған резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды “Адырна”.
БАҚ дерегінше, дауыс беру қорытындысы бойынша құжатты 50 сенатор қолдап, 48-і қарсы шыққан.
Резолюцияға сәйкес, АҚШ президенті Конгрестің мақұлдауынсыз Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды бастауға немесе жалғастыруға тиіс емес.
Құжаттың негізгі мақсаты – мемлекет басшысының әскери өкілеттіктерін шектеу және АҚШ-тың Тегеранмен жаңа әскери қақтығысқа тартылуына жол бермеу.
БАҚ мәліметінше, бастама Ақ үйдің сыртқы саясаттағы әскери шешімдеріне Конгрестің бақылауын күшейтуге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
