АҚШ ақбас бүркітті ұлттық құс деп ресми бекітті

317
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден ақбас бүркітті ұлттық құс деп тану туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы golosameriki-ге сілтеп.

“23 желтоқсан, дүйсенбі күні Президент Америка Құрама Штаттары Кодексінің 36-тарауына түзетулер енгізетін және ақбас бүркітті ұлттық құс деп жариялайтын заңға қол қойды”, — делінген мәлімдемеде.

Ақбас бүркіт 1782 жылдан бері АҚШ-тың негізгі рәміздерінің бірі болып саналады. Оның бейнесі елтаңбада, президенттік стандартта, банкноттарда, мемлекеттік құжаттарда және ұлттық корпорациялардың логотиптерінде жиі қолданылады. 1782 жылы АҚШ Конгресі бұл жыртқыш құсты ұлттық символ ретінде бекіткен. Алайда осы уақытқа дейін ресми заңдарда ұлттық құс ретінде арнайы бекіту қарастырылмаған еді.

Бұл заң АҚШ-тың тарихи рәміздерін заңнамалық тұрғыда нақтылау және нығайту бағытында қабылданған маңызды шешім болып отыр.

Пікірлер