"Кет дегенде..." Черчесовтің де кетпейтіні айтылды

320
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы қызметін сақтап қалады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының сайтында жазылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Кейбір БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың кетуі туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген Қазақстан футбол федерациясының сайтында.

Бұған қоса, Черчесовтың Қазақстан футбол федерациясымен әлі де қолданыстағы келісімшарты бар екені айтылған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және ақпараттық ресурстарда Черчесовтың жұмыстан кететіні туралы хабар тараған болатын. Егер бас бапкер ертерек жұмыстан шығарылатын болса, оған 1 миллион еуро көлемінде айыппұл төленетіні хабарланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған қазақстандық журналистке «Қазір французша сөйлеп тұрсың ба?» деп жауап беріп, басы дауға қалған болатын. Мұндай пікірлерді ол бұған дейін де айтқан. 15 қазанда Қазақстанның туризм және спорт министрлігі Черчесовтың қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке айтқан пікірі туралы Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме сұраған еді.

Сонымен қатар, Черчесов Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін Футбол федерациясының атқарушы комитетінен сегіз адамның кеткені хабарланған болатын.

Пікірлер