Иран құрамасының капитаны ФИФА-ны сынады

96
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pppcAhZd8lueyRe38mTdOEVyOD1nk49V5BrXT20i.jpg

Иран ұлттық құрамасының капитаны Мехди Тареми чемпионаттың ұйымдастырылу деңгейін сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оның сөзінше, турнир барысында логистикадағы қиындықтар мен ұйымдастырушылар тарапынан қолдаудың болмауы командаға айтарлықтай қиындық туғызған.

Мехди Тареми Египетке қарсы өткен матчтан кейін қазіргі жағдайды «апат» деп бағалады.

«Бұл – әлем чемпионаты емес, нағыз апат. Біз кәсіби ойыншылармыз, кәсіби турнирге қатысып жатырмыз. Бірақ мұндай жағдай әділетсіз. Егер ФИФА мұны қалыпты деп санаса – өз еркі. Бізге ешкім көмектескен жоқ. ФИФА президенті Джанни Инфантино алғашқы ойыннан кейін киім ауыстыратын бөлмеге келіп, барлық мәселені шешуге уәде берген еді. Алайда іс жүзінде ештеңе өзгермеді», – деді Тареми.

Айта кетейік, Иран құрамасы топтық кезеңдегі барлық матчтарын АҚШ аумағында өткізгенімен, команда Мексиканың Тихуана қаласында орналасқан. Соның салдарынан футболшылар әр ойын алдында ұзақ жол жүріп, матч күні келіп, кездесуден кейін қайтадан Мексикаға оралуға мәжбүр болған.

Пікірлер