Мемлекет басшысы Әзірбайжан президентін құттықтады

303
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, бауырлас Әзірбайжан халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынастарын дамытуға қосқан Ильхам Әлиевтің елеулі үлесін жоғары бағалады.

Президенттер екіжақты ықпалдастықтың қарқыны жоғары екенін атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Әсіресе, жоғары деңгейдегі сапарлар кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Пікірлер