Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысы өтіп, оның күн тәртібінде халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету контекстіндегі Украина төңірегіндегі жағдайға қатысты мәселелер қаралды. Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға нақты міндеттер қойып, тапсырмалар берді.
Еске салайық, Украинадағы жағдай 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің бейбіт тұрғындарды қорғау мақсатында Донбасста арнайы әскери операция басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін ушығып кеткен болатын.
Сонымен бірге, саясаткер өз мәлімдемесінде Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын баса айтты. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский бүкіл елде әскери жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Осыдан кейін саясаткер Украинаның Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасын үзгенін айтты.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Қазақстанда алғаш рет көміртекті агроклиматтық полигон құруда
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаржылық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікке бағытталған саясаты: экономист көзқарасы
