Есін жинады. Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

189
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Семей қаласында  жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

49-мектепте жұмыс істейтін Қуат Айтқалидің реанимацияға түскені анықталды. Журналист әрі қоғам белсендісі Оңғар Қабден әлеуметтік желі парақшасында есін жиғанын жазды.

Ал, журналист Жалғас Зейнолла Facebook-те қалдырған пікірінде мұғалімнің бас сүйегі сынғанын және миына қан құйылғанын жазған. Сондай-ақ, туыстарына қысым көрсетіліп жатқанын да айтқан.

Бұған дейін, мұғалімнің мектепте жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алғаны туралы жазған едік. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл оқиғаның ерекше бақылауда екенін айтқан болатын.

Пікірлер