Қазақстан мен Статилер мәмілесі. Ұлттық қор активтері қайтарылды

1496
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Молдовалық кәсіпкерлер Анатол мен Габриэль Стати ісі бойынша Швецияда бұғатталған активтер Қазақстанның бақылауына қайтарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлттық банкке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкі мен Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесі сәтті аяқталғанын хабарлаймыз. Нәтижесінде Қазақстан Ұлттық Банк Стати тараптарының Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтеріне талаптардан бас тартуына және Швецияда бұғатталған Ұлттық қордың активтерін қайтаруға қол жеткізді», – делінген жұма күнгі хабарламада.

Ұлттық банк түсіндіргендей, бұл жағдай операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Соның арқасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұзақ мерзімді табыстылығын жақсарту шарттары жасалады.

«Қорытынды келісімнің нақты шарттары құпия», – деп атап өтті Ұлттық банк.

Еске салайық, молдовалық кәсіпкерлер Анатол мен Габриэль Статилер 2010 жылы Қазақстанды рейдерлік жолмен мүліктерін тартып алды деп айыптап, сотқа арыз берген. Қазақстан тарапы бұл айыптарды жоққа шығарады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер