Швеция ресми түрде НАТО құрамына мүшелікке қабылданды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми сайтында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2024 жылғы 7 наурызда Швеция Корольдігінің Солтүстік Атлантикалық шартқа қосылуы туралы хаттаманың II бабында көрсетілген күшіне ену шарттары орындалды», - делінген хабарламада.
11 наурыз күні НАТО штаб-пәтерінде Швецияның мүшелік рәсімі өтпек.
Еске салайық, өткен жылдың сәуірінде НАТО құрамына Финляндия кірген еді.