Қазақстан – Болгария қарым-қатынасы. Бес маңызды құжатқа қол қойылды

1781
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/186352e6-887a-4d39-8834-c6a035651ec1-960x500.jpeg?token=461e7a6f436dd2e6b2cf339ca3c2bc19

Қазақстан мен Болгария президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінен кейін бірнеше құжатқа қойылды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен мынадай құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Болгария Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 

2. Астана мен София қалалары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Шымкент және Пловдив қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандум; 

4. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Болгария Республикасының Сыртқы істер министрлігі Дипломатия институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 

5. «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Болгарияның сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті әлемдегі көптеген түйткілге қатысты Қазақстан мен Болгария ұстанымы ұқсас екенін айтты.

Пікірлер