Астанадағы Министрліктер үйі аумағындағы жарықтың өшіп қалуына кабель желісінің ұрлануы себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.
«13 желтоқсанда «Шұбары» қосалқы станциясында 10 кВ электр ұяшықтары ажыратылды. Шектеуде үш тарату нүктесі бар. Оған кабель желісінің ұрлануы себеп болды», - деп хабарлады «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға орнында төрт жедел бригада жұмыс істеп жатыр. Электр энергиясын қалпына келтіру үшін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
«Астана-РЭК» АҚ өкілдері қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, қала тұрғындарына түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.
Бұған дейін Министрліктер үйінің жанындағы аумақтың тұрғындары Астанада электр қуатының өшіп қалғанына шағымданған.