Астана әуежайында Swissair ұшағымен болған оқиғаға байланысты әуе айлағы жабылып, 20-ға жуық рейс кешігіп жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КазТАГ агенттігіне сілтеп.
Елорда әуе айлағының онлайн тақтасының хабарлауынша, Алматы, Қарағанды, Анталия, Шымкент, Батуми және Прагадан келетін рейстер кешігіп қонады.
Ал Алматы мен Шымкентке ұшатын рейс кешігіп жатыр.
Бұған дейін Астанада ұшақтың апатты жағдайда қонып, ұшақтың ұшып-қону жолағынан шығып кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Кейін әуежайда Токио-Цюрих ұшағының Астанаға шұғыл қонуы жолаушының сырқаттануы салдарынан деп түсіндірілді. Оқиғаға байланысты әуе айлағын уақытша жабуға тура келді.