Назарбаев Университеті қаржылық бұзушылықтар қатысты түсініктеме берді

147
Adyrna.kz Telegram
Сурет: nu.edu.kz
Сурет: nu.edu.kz

2024 жылдың екінші жартысында ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Назарбаев Университетінің 2017-2023 жылдар аралығындағы қызметіне мемлекеттік аудит жүргізді. Нәтижесінде кейбір қаржылық қателіктер анықталған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Университеттің баспасөз қызметі аудит нәтижесінде анықталған қателіктерге түсініктеме берді.

“Университет білім беру бағдарламаларын халықаралық сапа стандарттарына сай етіп, білім беру мен ғылыми зерттеулер деңгейі жоғары екенін көрсетті. Бұл көптеген аккредитация және әлемдегі жетекші университеттермен серіктестіктермен расталады. Бұл ретте аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты және Университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ. Аудиторлық есепке сәйкес, Университет және оның ұйымдары белгіленген тәртіппен ҚР Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі, ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған Жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Университет Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңеске тұрақты негізде енгізіп отыратын болады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Назарбаев Университетінде 73 млрд теңгенің тиімсіз игерілгені анықталғаны хабарланған болатын.

Пікірлер