Жоғары аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов Назарбаев университетін тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, Назарбаев университетін әлі де бюджеттен қаржыландыруға тәуелді болып отыр. Ал университетті дамыту жөніндегі стратегиялық құжатта басқа қаржы көздеріне көшу қажеттігі көрсетілген.
"Тағы бір кемшілік – қолданыстағы заңнамада NU-дің қаржылық есептілігін ұсыну қарастырылмаған. Бұл қызметтің ашық еместігінің факторы. Кейбір қаражат тиімсіз пайдаланылады немесе қаржылық заң бұзушылықтар бар. Аудит нәтижесінде тиімсіз жоспарлауға 73 млрд теңге, ал жарты миллиард теңгеге қатысты қаржылық заңсыздықтар анықталды", – деді Жоғары аудиторлық палатасының басшысы.
Сонымен қатар, Смайыловтың айтуынша, университет көптеген серіктестермен тауарлар мен қызметтерді ұсыну бойынша конкурссыз және бір ғана дереккөз арқылы жұмыс істейді. Тағы бір кемшілік – ғылыми зерттеулердің коммерцияландырылмауы.
"Осы барлық мәселелер бойынша біз қорытынды жасадық, мен университеттің жаңа президентімен сөйлестім, бұл фактілерді жеткіздік. Сонымен қатар, университетке және үкіметке біздің қорытынды жолданды. Тексеру жылдың төртінші тоқсанында, яғни жақында аяқталды. Біздің қорытындыда тиісті ұсыныстар бар, үкімет NU-ге қатысты заңнамаға қандай өзгерістер енгізу керектігін шешуі тиіс", – деп толықтырды Жоғары аудиторлық палата басшысы.