Назарбаев университетіндегі шу. Студент қыздар дәретханасын камераға түсірді деген ақпарат тарады

1088
Adyrna.kz Telegram
Сурет: nu.edu.kz
Сурет: nu.edu.kz

Назарбаев университетінде студент жігіт дәретханада отырған қыздарды камераға түсіріп алғаны туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Михаил Козачков өзінің телеграм арнасында жазған.

Оның дерегіне сәйкес, Назарбаев университетінде студент жігіт 30-ға тарта қыздың дәретханада отырғанын камераға түсірген.

«Назарбаев университетінде студент жігіт дәретханада қыздарды түсіріп алған. Одан түрлі зардап шегушілер түсірілген 30 видео бар. Ол жігітке не болатыны әзірге белгісіз. Университет ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Біз зардап шегушілер үшін әділеттілік болғанын талап етеміз. Репутация үшін үнсіз қалғанды тоқтатыңыздар», - деп жазды decolonized.icon атауын қолданған азамат Threads қосымшасында.

Ал аталған айыптауларға қатысты университет әкімшілігі жауап берген.

«Қазір осы жағдайға қатысты ішкі тергеу жұмысы жүріп жатыр. Университетте қабылданған ресми тәртіпке байланысты нақты дәлелдері бар база жинақталып жатыр. Біз дәлелді себепсіз ешкімді айыптай алмаймыз. Өзіңіз анықтап тапқан заңбұзушылық бойынша қандай да бір дәлелді ақпаратыңыз болса немесе куәгер болсаңыз университеттің Студенттермен жұмыс істеу департаментіне жүгінуіңіз керек еді», - деп жазды оқу орны.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер