Қазіргі заманда әлеуметтік желілерсіз өмір сүру мүмкін еместей көрінеді. Instagram, TikTok, Facebook секілді платформалар күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, жаңалық пен көңіл көтерудің басты көзіне айналды. Алайда, әлеуметтік желілерге шектен тыс әуестену – жаңа заманның жасырын дертіне айналып отыр.
2023 жылғы зерттеулергЕ сүйенсек, Қазақстан халқының 60%-дан астамы әлеуметтік желілерде күн сайын бірнеше сағаттан уақыт өткізеді. Әсіресе, жастар арасында бұл көрсеткіш жоғары. Көптеген адамдар өз уақытын виртуалды әлемде өткізіп, шынайы өмірдегі қарым-қатынастарды ұмыта бастайды. Бұл жағдай адамның психологиялық денсаулығына кері әсер етеді. Басқалардың идеалға айналған өмірін бақылау, үнемі лайк пен пікірге тәуелді болу – өз-өзіне деген сенімсіздік пен күйзеліске алып келеді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желіге тәуелділік тек психологиялық мәселелерге ғана емес, физикалық денсаулыққа да әсер етеді. Ұзақ уақыт бойы экран алдында отыру көздің көру қабілетіне зиян тигізеді, ал физикалық белсенділіктің төмендеуі артық салмақ пен басқа да денсаулық проблемаларын тудыруы мүмкін. Ұйқының бұзылуы, жүйкенің шаршауы және жалғыздық сезімі де әлеуметтік желілердің шектен тыс қолданылуымен тікелей байланысты.
Әлеуметтік желілердің артықшылықтарын жоққа шығару мүмкін емес. Олар адамдарды байланыстырады, ақпарат таратады, жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Алайда, виртуалды әлемге шектен тыс берілу шынайы өмірдегі маңызды құндылықтарды жоғалтуға әкеледі. Өмірдегі теңгерімді сақтап, әлеуметтік желіні бақылауда ұстау – денсаулықты сақтаудың және психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолы.
Шынайы өмірдегі қарым-қатынас пен тәжірибе – виртуалды әлемнен әлдеқайда құнды. Сондықтан әлеуметтік желілерде уақытты шектеу, шынайы өмірге назар аудару арқылы адам өз өмірін байыта алады.