Бұқар жырау ауданы «Qarmet» қызметкерлерін азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етпек

570
Adyrna.kz Telegram

Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күніне арналған іс-шара аясында «Qarmet» АҚ қызметкерлеріне азық-түлік өнімдерін жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Келісім «Değirmen» ЖШС мен «Акнар ПФ», «Агрофирма Азамат» ЖШС, «Нұр-Әділ» шаруа қожалықтары арасында жасалды.

 Бұл стратегиялық келісім жоғары сапалы өнімдердің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге, тараптар арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға және ауданның жергілікті өндірушілерін қолдауға бағытталған.

 Еске сала кетейік, осы жылдың қараша айында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев «Қазақмыс» ЖШС және «Qarmet» АҚ басшылығымен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлерден азық-түлік өнімдерін сатып алу туралы меморандумға қол қойған болатын.

 Бүгінгі жасалған келісім – аталған меморандумның іс жүзінде жүзеге асуының айқын дәлелі. Алдағы уақытта да ауданымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен осындай нәтижелі келісімдер жалғасын табатын болады.

 

Пікірлер