12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

670
Adyrna.kz Telegram

Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салынуы керек. Бұл бастаманы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, 2024 жылғы қаңтардан 1 желтоқсанға дейін балалар қаза тапқан 15 өрт оқиғасы тіркелген. Қайғылы жағдайлардың көбі олар үйде жалғыз қалған кезде болған.

«Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға заңмен тыйым салуды қарастыру қажет деп есептеймін. Әрине, бұл ретте мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетілуі қажет»,— деп атап өтті омбудсмен.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан екі бала мерт болған еді.

Пікірлер