Қытай коммерциялық ғарыш айлағынан алғашқы зымыранын сәтті ұшырды

2034
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/0a1155a251364b7588b978cfb23a1421.png
Сенбі күні кешке Қытайдың Хайнань провинциясындағы коммерциялық ғарыш айлағында жаңа тасымалдаушы зымыран сәтті ұшырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. "Чанчжэн-12" зымыран-тасығышының бортына екі эксперименттік спутник орналастырылған. Олар алдын ала белгіленген орбиталарға шығарылуы тиіс. Бұл ұшырылым "Чанчжэн-12" зымыран-тасығышының алғашқы миссиясы. Сондай-ақ, Хайнань коммерциялық ғарыш айлағында жүзеге асқан алғашқы сәтті ұшырылым болды.
Пікірлер