Сенбі күні кешке Қытайдың Хайнань провинциясындағы коммерциялық ғарыш айлағында жаңа тасымалдаушы зымыран сәтті ұшырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
"Чанчжэн-12" зымыран-тасығышының бортына екі эксперименттік спутник орналастырылған. Олар алдын ала белгіленген орбиталарға шығарылуы тиіс.
Бұл ұшырылым "Чанчжэн-12" зымыран-тасығышының алғашқы миссиясы. Сондай-ақ, Хайнань коммерциялық ғарыш айлағында жүзеге асқан алғашқы сәтті ұшырылым болды.
Новости по теме
Высокогорный спортивный комплекс "Медеу" будет модернизирован: Ермек Маржикпаев провел отчетную встречу в регионе