Қытай АҚШ-тан Мадуро мен оның жұбайын босатуды талап етті

299
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1xwm74p574FBmGVMilqwlSrxKsiTQvyga9btVtHF.jpg

Қытай АҚШ-ты Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайын дереу босатуға шақырды. Бұл туралы жексенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеп.

Қытай дипломаты журналистердің сұрауы бойынша АҚШ әскерінің сенбі күні Николас Мадуро мен оның жұбайын тұтқындап, елден алып кеткені жөніндегі БАҚ-тағы хабарламаларға пікір білдірді. Бұл оқиғаға байланысты бірқатар елдердің үкіметтері қарсылық танытқан.

Қытай АҚШ тарапынан Николас Мадуро мен оның жұбайының күш қолдану арқылы тұтқындалып, елден шығарылуына алаңдаушылық білдіреді. Ведомство өкілінің айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеттері халықаралық құқықты, халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын өрескел бұзу болып саналады.

“Қытай АҚШ-ты Николас Мадуро мен оның жұбайының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды дереу босатуға, Венесуэла үкіметін күшпен құлату әрекеттерін тоқтатуға және мәселелерді диалог пен келіссөздер арқылы шешуге шақырды”, деді Қытай сыртқы саясат ведомствосының өкілі.

 

Пікірлер