Жалған ақша айналымда жүр. Ұлттық банк мәлімдеме жасады

1806
Adyrna.kz Telegram
Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Әлеуметтік желіде қолдан жасалғн 5 000 теңгелік банкноталардың айналымда жүргені туралы видео тарп, елді дүрліктірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тиктокқа видео жүктеген автор жалған ақшаны шын ақшадан айыру қиын екенін, тек банкнотаның бір бетіндегі “празднуем вместе” сөзінен ғана ажыратуға болатынын айтады.

Ұлттық банк әлеуметтік желіде тараған видеоларға қатысты мәлімдеме жасады.

“Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұлттық валюта түпнұсқа банкноталарының сыртқы белгілеріне ұқсайтын және "Празднуем вместе!", "Не является платежным средством" деген бөгде жазбалары бар баспа өнімдерін сатып алуды ұсынатын жарнамалардың таралу фактілері анықталғанын ескертеді. Аталған өнімдер жалған болып саналады. Аталған жағдайлар бойынша Ұлттық банк олардың таралу фактісін тексеру үшін ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады. Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде жазуларға ерекше назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады”, – делінген банк хабарламасында.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер