Қазақстанда орташа жалақы өсті

4411
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың басында Қазақстандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230 829 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы жалақы индексі 107,4% -ды, ал тиісті тоқсанына 115,2% құрады.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында тіркелді – 405,8 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары.

"Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 509,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 420,8 мың теңге (1,8 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 345,7 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 328,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес). Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде – 116,1 мың теңге және сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша -141,8 мың теңге белгіленді", - делінді хабарламада.

Ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысында болды - 166,7 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 27,8%-ға төмен.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото tengrinews.kz)

Пікірлер