Кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты полиция істі тоқтатты

181
Adyrna.kz Telegram
tengrinews.kz
tengrinews.kz

Алматы полициясы Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өз-өзіне қол жұмсауына қатысты тергеуді тоқтатты. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Алмалы ауданының полиция басқармасы бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс шеңберінде соталды тергеу жүргізді. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Тергеу шаралары кешенінің нәтижелері бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізу ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде тоқтатылды (іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты - еск.)", - деп жауап берді Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz сауалына.

Бұл шешімді Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуратурасы бекіткені айтылған.

Еске салайық, биыл наурызда кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлі табылды деген ақпарат тараған еді. Онда Бақыт Ибрагим өзіне қол салғаны жазылған. Кейін полиция бұл деректі растады.

Пікірлер