Астанада LED-экрандардың бірінде Ресей туы уақытша Украина туымен ауысу оқиғасына қатысты дерек анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ шабуылдың шетелдік IP-мекенжайлар арқылы жасалғаны анықталды.
"2024 жылғы 27 қарашада Астанадағы LED-экрандардың бірінде көрсетіліп тұрған бейне уақытша өзгертіліп, ту ауыстыру фактісі тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, шабуыл шетелдік IP-мекенжайлардан прокси-серверлерді пайдалану арқылы жасалған", – делінген ресми хабарламада.Мемлекеттік техникалық қызмет мәселенің пайда болу механизмі мен әсер ету көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бұл факті бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады.
Ұқсас жаңалықтар
Үйқамақ тәртібін өрескел бұзғаны үшін ҚазТАГ бас редакторының бұлтартпау шарасы қамауда ұстауға өзгертілді
