Украина туын көрсеткен оқиғаға қатысты іс қозғалды

929
Adyrna.kz Telegram
Фото: КазТАГ
Фото: КазТАГ

27 қараша күні әлеуметтік желіде Астанадағы LED экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туының көрсетілген видеосы үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ІІМ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, «Керуен Медиа» ЖШС-на қатысты тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары қарастырылып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оқиғағаның себебі иехникалық ақаулар мен жабдық жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі.

“Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылады”, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, түрлі пікірлер туғызды. Құзырлы органдар тергеу нәтижелерін алдағы уақытта хабарламақ.

Айта кетейік, Астанада Ресей туының түсі Украина туының түсіне өзгергенін «кабельдің тұйықталуы» арқылы түсіндірілген еді.

Пікірлер