ЮНЕСКО басшысы қазақстандық журналистің өліміне пікір білдірді

1619
Adyrna.kz Telegram

ЮНЕСКО-ның бас директоры қазақстандық журналистің өліміне пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Бас директор Одри Азуле журналист Айдос Садықовтың өліміне себепкерлерді айыптады.

«Журналист Айдос Садықовтың өлімін айыптаймын және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін жан-жақты тергеу жүргізуге шақырамын. Журналистер қай жерде жұмыс істесе де, олардың кәсіби міндеттерін атқаруы үшін олардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі керек», - деді ЮНЕСКО Бас директоры Одри Азуле.

Айта кетейік, Садықов 18 маусым күні Киевтегі үйінің жанында өлтірілді.

19 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты пікір білдіріп, дипломатиялық департамент пен құқық қорғау органдары арқылы осы ауыр оқиғаны жіті бақылауға алуды тапсырған. Президент қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдарына да қылмыстық іске қатысты назар аударуға шақырды.

Пікірлер