"Шабуыл шетелден жасалған". Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген оқиғаға қатысты деректер анықталды

2168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/server-alayaқtyқ.jpg
Астанада LED-экрандардың бірінде Ресей туы уақытша Украина туымен ауысу оқиғасына қатысты дерек анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ  шабуылдың шетелдік IP-мекенжайлар арқылы жасалғаны анықталды.
"2024 жылғы 27 қарашада Астанадағы LED-экрандардың бірінде көрсетіліп тұрған бейне уақытша өзгертіліп, ту ауыстыру фактісі тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, шабуыл шетелдік IP-мекенжайлардан прокси-серверлерді пайдалану арқылы жасалған", – делінген ресми хабарламада.
Мемлекеттік техникалық қызмет мәселенің пайда болу механизмі мен әсер ету көзін анықтау жұмыстарын жүргізуде. Бұл факті бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады.
Comments