Үкімет резервінен бөлінген 300 млн теңгені ұрлағандар қамауға алынды

1140
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Ақмола облысының  прокурорлары Атбасар ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі басшыларына, «Престиж Строй 7» ЖШС мен «Фундаменталь» ұйымдарының өкілдеріне қатысты 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өңірлік прокуратураның мәліметінше, бұл қаражат 2021 жылы үкімет резервінен бөлінген. Олар Атбасар ауданындағы су тасқыны қаупі бар аймақта тұратын 200 отбасыны көшіру үшін екі 100 пәтерлік тұрғын үй салуға арналған еді.

Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни аса ірі мөлшердегі мүлікті талан-таражға салу бабы бойынша сараланған. Аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасын қарастырады.

Сот санкциясымен екі күдікті қамауға алынды, ал үшінші қатысушы үйқамаққа жіберілді.

«Тергеу барысында қылмыстық жолмен табылған мүліктер анықталды. Олардың қатарында Астана мен Алматыдағы коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс жабдықтары және банктік шоттардағы 50 млн теңгеден астам қаражат бар. Барлық тәркіленген мүліктің жалпы бағалау құны 335 млн теңгеден асты», – деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ прокурорлардың мәліметінше, осы мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, заңсыз табыс әкелген.

«Осыған байланысты бір күдіктінің әрекеті қосымша Қылмыстық кодекстің 218-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа да мүлікті заңдастыру  ретінде сараланды. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы көзделген», – деп толықтырды қадағалау органы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер