Илон Маск Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталатынын болжады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кәсіпкер бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.
Илон Маск Newsweek-тің жаңалығына пікір білдірді. Онда Трамп Ресей мен Украина арасындағы майдан шебінде 800 мильдік демилитаризацияланған аймақ құратыны айтылды.
"Жақында мағынасыз кісі өлтіру аяқталады. Соғыс өртін тұтатушылар мен алыпсатарлардың уақыты бітті", - деп жазды Маск Х желісінде.Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін айтқан болатын. Айта кетейік, 7 қараша күні Валдай форумында Путин Дональд Трампты АҚШ президенттік сайлауындағы жеңісімен ашық түрде құттықтауға мәжбүр болғаны хабарланған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Келіссөз алаңын ұсынуға дайын". Ресейден келген Президент АҚШ басшысымен Украина жайлы кеңірек сөйлесті