Ақ үй басшысы Дональд Трамп 13–15 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қытайдың сыртқы істер министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен АҚШ президенті Дональд Трамп 13–15 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапар жасайды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақ үй әкімшілігінің өкілі Анна Келли Қытайға жасалатын сапар барысында екі ел арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру мәселесін талқылау жоспарлап отырғанын айтқан.
Еске салайық, екі ел басшысы 2017 және 2018 жылдары өзара сапарлармен алмасқан. Кейін олар екі елден тыс жерде өткен ірі халықаралық саммиттер аясында да кездесіп отырған.
Ұқсас жаңалықтар
