Трамппен сөйлескен Илон Маск Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді

1755
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/01/ilon-mask-960x500.jpg?token=abdcfa8a085ba7ee077132b199548b28

Илон Маск Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталатынын болжады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Кәсіпкер бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

Илон Маск Newsweek-тің жаңалығына пікір білдірді. Онда Трамп Ресей мен Украина арасындағы майдан шебінде 800 мильдік демилитаризацияланған аймақ құратыны айтылды.

"Жақында мағынасыз кісі өлтіру аяқталады. Соғыс өртін тұтатушылар мен алыпсатарлардың уақыты бітті", - деп жазды Маск Х желісінде.
Дональд Трамп NBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Ресей президенті Владимир Путинмен әлі сөйлеспегенін айтқан болатын. Айта кетейік, 7 қараша күні Валдай форумында Путин Дональд Трампты АҚШ президенттік сайлауындағы жеңісімен ашық түрде құттықтауға мәжбүр болғаны хабарланған еді.
Comments