Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына қатысады

1289
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

АҚШ Мемлекеттік департаментінің TechWomen бағдарламасының түлегі, қазақстандық саясаттанушы Дина Шайхислам АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Дина Шайхислам бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

"Бүгін мен президент Трамп пен вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақыру алдым", – деп жазды ол, шақыру қағазын көрсетіп.

Дина Шайхислам – әлемдегі жетекші саяси стратегтер мен кеңесшілердің бірі. Ол халықаралық сайлау науқандарын ұйымдастыруға қатысып, ірі компанияларға жаһандық нарықтарға шығу жөнінде кеңес береді. Назарбаев Университетінің үздік түлектерінің бірі ретінде ол білім мен балаларды дамыту саласына үлес қосып, CDF қоғамдық қорының негізін қалаған.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп инаугурациясын Капитолий ғимаратында өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл дәстүрлі ашық алаңда өткізілетін рәсімнен ерекшеленеді. Президент ауа райының қолайсыздығын және өз жақтастарының денсаулығын ойлағанын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер