ШЫҰ елдері Израильді айыптады. Арасында Қазақстан бар

1059
Adyrna.kz Telegram
Фото: okg.kz
Фото: okg.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иран Ислам Республикасының әскери нысандарына жасалған шабуыл туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазАқпарат мәліметінше, ШЫҰ баспасөз қызметі арнайы мәлімдеме жариялаған.

"Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер 2024 жылдың 26 ​​қазанында Иран Ислам Республикасының әскери нысандарына жасалған шабуылды қатаң айыптайды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қауіп төндіруі мүмкін Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдірді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларын, соның ішінде БҰҰ Жарғысында бекітілген нормаларды сақтай отырып, осы аймақтағы жағдайды тек саяси және дипломатиялық құралдар арқылы тұрақтандыру бойынша тиімді шараларды тез арада қабылдауды жақтайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Үндістан - ШЫҰ-ға мүше елдер. Ауғанстан, Беларусь және Моңғолия ұйымға бақылаушы елдер статусында қатысып отыр. Ал қазан айында Израиль Иранға шабуыл жасаған болатын.

Пікірлер