Иран президенті астананы Тегераннан көшіретінін айтты

957
Adyrna.kz Telegram
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Иран президенті ел астанасын ауыстырмақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Астана Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіріледі. Бұл туралы Иран президенті Масуд Пезешкиан мәлімдеді.

Пезешкиан Иран басшылығының елдің саяси және экономикалық орталықтарын республиканың оңтүстік шекараларына, Парсы шығанағы жағалауларына көшіруден басқа жолы жоқ екенін мәлімдеді.

«Бұл мәселені елемеуге болмайды, біздің еліміз болашақта экологиялық дағдарысқа және басқа да көптеген мәселелерге тап болуы мүмкін», - деді Иран басшысы министрлер кабинетінің отырысында.

Тегеран - әлемде халық ең көп шоғырланған қаланың бірі. Айта кетерлігі, мұнда зілзала қаупі де жоғары, су тапшылығы да сезіледі. Таулы аймақ болған соң, жаңа инфрақұрылым нысандарын салу оңай емес. Сонымен қатар,  жаңа астана таңдалғаннан кейін барлық мемлекеттік ведомстволар көшірілмек.

Пікірлер