Украина ирандық дрондарды атып түсіруге көмектеседі

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FX6a4GGN1yFrlJBO3Ip1dzYkc7uoLSdovK05SixP.jpg

Ұлыбритания Парсы шығанағы елдеріне ирандық дрон шабуылдарына тойтарыс беруге көмектесу үшін украиналық және британдық сарапшыларды жібереді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Кир Стармер айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз Украина сарапшыларын өз мамандарымызбен бірге Парсы шығанағындағы серіктестерімізге оларды шабуылдап жатқан ирандық ұшқышсыз аппараттарды атып түсіруге көмектесу үшін жібереміз», – деді үкімет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Ұлыбританияның Кипрдегі әскери базаларын АҚШ-қа пайдалануға рұқсат бергенін мәлімдеді. Айтуынша, АҚШ әскери нысандарды «нақты әрі шектеулі қорғаныс мақсаты» үшін пайдалануға рұқсат сұраған.

«Қауіпті тоқтатудың жалғыз жолы – қоймалардағы зымырандарды немесе оларды ұшыруға арналған қондырғыларды жою. Біз бұл өтінішті мақұлдадық», – деді Стармер.

Ол Ұлыбританияның Иранға қарсы соққыларға тікелей қосылмайтынын жеткізді.

«Біз Иранға жасалған бастапқы соққыларға қатысқан жоқпыз және қазір де шабуыл әрекеттеріне қосылмаймыз», – деп түйіндеді басшы.

Пікірлер