ХАМАС саяси бюросының соңғы басшысы мен оның көмекшісі өлтірілді

885
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook желісінен
Фото: Facebook желісінен

Израиль әскері Газа секторында ХАМАС радикалды палестиналық қозғалысының саяси бюросының соңғы басшысы Иззэддин Кассабты өлтірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы TACC-қа сілтеп.

Иззэдин Кассаб Хан-Юнис қаласы маңында Израиль Әскери-әуе күштерінің барлау деректері негізінде жасалған дәл соққысының нәтижесінде қаза тапқан.

"Кассаб Газа секторында тірі қалған ХАМАС саяси бюросының жоғары лауазымды соңғы мүшелерінің бірі болған. Онымен бірге оның көмекшісі, жауынгер Айман Айеш те жойылды", - делінген мәлімдемеде.

Израиль армиясы Кассабты еврей мемлекетіне қарсы теракттарды ұйымдастыруға қатысы бар деп мәлімдейді. Ол "үлкен билікке ие" болып, Газа секторындағы басқа палестиналық фракциялармен ХАМАС-тың "стратегиялық және әскери байланыстарын" қолдаумен айналысқан.

Пікірлер