Израиль билігі білім беру бағдарламаларынан Грета Тунбергті алып тастайды. Оған бірнеше күн бұрын Twitter-де жариялаған Палестинаны қолдайтын жазбасы себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Желідегі жазбасында Грета Тунберг тез арада атысты тоқтатуға, палестиналықтарға, сондай-ақ зардап шеккен барлық бейбіт тұрғындарға әділдік пен бостандыққа шақырды.
ХАМАС – балалар, әйелдер мен қарттарды қоса алғанда, 1400 жазықсыз израильдіктің өлтірілуіне және 200-ден астам адамның ұрлануына жауапты лаңкестік ұйым. Бұл ұстаным оның білім беру және моральдық үлгі болу құқығын жоққа шығарады және оның бұдан былай израильдік студенттерді шабыттандыруға және тәлімгерлік етуге құқығы жоқ, - деді Израильдің Білім министрлігі.
Айта кетсек, белсендінің жазбасы әртүрлі реакция тудырды. Жүзден астам израильдік экологтар мен белсенділер Хамастың Израильге жасаған шабуылының салдары туралы егжей-тегжейлі жазылған Тунбергке қарсы ұжымдық хатқа қол қойды. Авторлар оны үстірт және Израиль-Палестина қақтығысын жоққа шығарды деп айыптады. Олардың пікірінше, Палестинаны қолдау оның белсенділігінің маңыздылығы мен негізділігіне күмән келтіруі мүмкін.