Министр Starlink тағдырын ҰҚК-мен бірге шешетінін аңдатты

974
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment

Министрлік компания белгіленген мерзімге дейін станция салмаса, Starlink Қазақстанда жұмыс істемейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев сенаттың кулуарында хабарлады.

«2026 жылы пилоттық жоба аяқталады. Егер сол уақытқа дейін Starlink жерүсті станциясын салмаса, онда ол мұнда ресми түрде жұмыс істемейтін болады», – деді министр.

Ол қазіргі уақытта 1800-ден астам мектептің Starlink-ке қолжетімділігі бар екенін атап өтті. Пилоттық жоба 2026 жылдың 1 қарашасына дейін жалғасады.

Министр қазіргі уақытта ҰҚК-да ұлттық қауіпсіздік мәселелері талқыланып жатқанын, олардың нәтижелері бойынша Starlink-тің Қазақстанда пилоттық режимнен тыс жұмыс істей алатын-алмайтыны анықталатынын айтты. Комитет компаниядан жерүсті станциясы мен байланыс станциясын салуды талап етуде. Бұл келіссөздер аяқталғанға дейін елде халыққа Starlink терминалдарын коммерциялық негізде сатуға тыйым салынған.

«SpaceX – өте үлкен, америкалық компания. Ол әртүрлі елдерде жұмыс істейді, сондықтан оны көндіру оңай шаруа емес. Сондықтан келіссөздер созылып кетті деп айтуға болмайды», – деді Мәдиев.

Пікірлер