"Wi-Fi бар жерде Wi-Fi желісіне қосылуды ұсынамын" - министр Мәдиев интернет сапасының төмен екенін мойындады

1025
Adyrna.kz Telegram
Фото: t.me/KZgovernment
Фото: t.me/KZgovernment

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев ұялы байланыс операторлары байланыса көңілі толмайтындарға жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министр үкімет еркін нарықта ұялы байланыс операторларымен тариф бағасын реттей алмайтынын айтты. Бұған кәсіпкерлік кодекспен тыйым салынған. Оның үстіне ұялы байланыс операторлары коммуникацияны жақсартуға қыруар қаржы салуға уәде берді. Сондықтан мемлекет оларға тарифтерді көтеруге тыйым сала алмайды дейді.

"Мұндай тыйым салу мүмкін емес. Әйтпесе олар қалай инвестиция салады? Олар базалық станциялар мен антенналық діңгек құрылымдарына көп инвестиция салады. Beeline-мен олар алдағы бес жылда миллиард доллар инвестициялайды деген келісімге қол қойдық. Мүмкін сіз көп трафикті пайдаланып жатқан шығарсыз? Wi-Fi бар жерде Wi-Fi желісіне қосылуды ұсынамын. Мен де солай істеймін", – деді министр.

Сондай-ақ, министр Мәдиев қазақстандықтарды жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етуге уәде берді.

"Талап етіп отырғаныңыз өте дұрыс. Біз де үкімет ретінде талапты күшейтіп жатырмыз. Тіпті, қазір секундына мегабит саны бойынша ең төменгі деңгейді көтеріп жатқанымызды бұған дейін де айттым", – деді ол.

Пікірлер