Санкцияға ұстатпай ма? Мәдиев Ресеймен бірдей телефон кодын ақтап сөйледі

1029
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook.com/BagdatMussin
Фото: Facebook.com/BagdatMussin

Министр Мәдиев Ресейге салынған санкциялар Қазақстанға жалпы телефон коды қолданылғанда еш әсер етпейтінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сенаттағы брифинг барысында телефон коды туралы айтты.

Қазан айының басында кейбір қазақстандықтар Google аккаунтына кіруде растау кодтарының болмауына байланысты қиындықтарға тап болып, мұны Ресейге қатысты шектеулермен байланыстырды, себебі екі елдің нөмірлері +7 кодынан басталады.

«Санкцияларға қатысты алаңдауға негіз жоқ. Санкциялық мәселелер мен жалпы ел коды арасында ешқандай байланыс жоқ. Біз “жетіні” бөлісіп қолданамыз – бұл факт, бірақ сол “жеті” аясында тек Қазақстанға тиесілі қосымша нөмірлену жүйеміз бар. Бұл +77, +76. Сонымен қатар, біз қосымша +70 коды бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Сондай-ақ ол қазақстандықтар үшін нөмірлерді сақтап қалған ыңғайлырақ екенін, телефон кітапшасында және қосымшаларда оларды өзгерту қажеттігінсіз қолдануды атап өтті.

Үш жыл бұрын министрлік 2023 жылы Қазақстанның өз телефон кодына өтетінін мәлімдеген еді. Бірақ, 2024 жылдың жазында ведомство +7 кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдап, тиісті қаулыны әзірледі. 26 қазанда оны Үкімет отырысында бекітті.

Айта кетейік, Қазақстан көршілес Ресеймен бірге +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісім жобасын мақұлдаған еді.

Пікірлер