“Кепіл - 16 миллион теңге”. Шымкентте ер адам жолдасына оқ атқан

1133
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Шымкентте ер адамдар арасында жанжал шығып, соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жанжал барысында үстел басында бірге отырған ер адам травматикалық тапаншасын алып, жолдасының бетінен екі рет оқ атқан. Зардап шегуші аман қалып, ауруханаға жатқызылды.

«Күдікті анықталып, қамауға алынды. Айғақты заттар алынып, сараптама тағайындалды. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», - деп түсіндірді Шымкент қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Otyrar сайтының мәліметінше, сот күдіктіні тергеу мерзіміне қамауға алмай, 16 миллион теңге кепілмен босатқан. Бірақ сотқа «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылғаны туралы хабарланды.

«Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 22 қазандағы қаулысымен күдіктіге қатысты «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды. Екі айға «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қаулы заңды күшіне енді», - делінген сот хабарламасында.

Пікірлер