13 жастағы қыз баланы зорлаған депутат өмір бойына сотталды

154
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Қостанай облысы Лисаков қаласының тұрғыны 13 жастағы қызды зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды “Адырна” порталы Tobol.info-ға сілтеме жасап.

«Резонансты қылмыс туралы 2025 жылдың наурызында белгілі болды. Сот Лисаков тұрғынын ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі – “Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері” бойынша 13 жастағы қызға қатысты жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етті», – делінген хабарламада.

Үкім Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шықты. Процесс жабық түрде өтті.

«НеМолчи» қорының ақпаратымен қатар, интернеттегі бірқатар хабарламаларда сотталған адамның кәсіпкер және жергілікті мәслихаттың бұрынғы депутаты болуы мүмкін екені де айтылған.

Пікірлер