"Тәрбиелеймін". Шымкентте күзетші жасөспірімді аяусыз ұрған бейнесі тарады

1560
Adyrna.kz Telegram
Фото: egovpress
Фото: egovpress

Шымкентте ер адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиғаның бейнесі әлеуметтік желіде тарап кетті.

Кадрларда күзетші формасындағы ер адам жасөспірімді ұстап алып, оған ұрысқан. Кейіннен ол баланы ағашпен ұрып, ішінен екі рет жұдырықпен қатты соққы жасаған. Соққы алған жасөспірім:

"Аға, кешіріңіз! Ойбай! Кешіріңіз, өтінемін!" - деп жан-айқайын жеткізген.

Әлеуметтік желіде тараған бейненің жазбасында:

"Мына кісіге мылтық берсе балаларды атып тастайды", - деп жазылған видеода жазбасында.

Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Шымкент қалалық Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Пікірлер